Accessibility links

Каирде мыңдаған адам шеруге шықты


Жұма күні Каирде (Египет) мыңдаған адам орталық сайлау комиссиясының таратылуын талап етіп, қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында шеру өткізді.

Шерушілер сайлау комиссиясының исламшыл партиядан президенттікке үміткер екі адамды сайлаудан шеттетіп, Хосни Мүбәрәк билігі тұсындағы бұрынғы премьер-министрді қатыстыру туралы шешіміне наразы.

Наразылық танытушылардың көпшілігі - әсіре консервативті салафи қозғалысының жетекшісі, анасы АҚШ азаматы болғаны үшін сайлаудан шеттетілген Хазем Салех Әбу Исмаилдің жақтастары.

Қорғаныс министрлігін арнайы техникалар мен әскер қоршап тұр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG