Accessibility links

Долинка түрмесінде тұтқындар наразылық танытты


АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесі. Қарағанды облысы Долинка елді мекені 21 мамыр 2010 жыл.
АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесі. Қарағанды облысы Долинка елді мекені 21 мамыр 2010 жыл.
Қарағанды облысының Долинка кентіндегі колонияда 14 тұтқын түрмедегі тәртіпті жеңілдетуді талап етіп, наразылық шарасын өткізді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Серікбай Жаппаровтың айтуынша, тұтқындар су құбырының мұнарасына шығып кетіп, бір сағаттай тұрған. Түрме қызметкерлері тұтқындармен сөйлескеннен кейін ғана олар өз еркімен мұнарадан түскен.

"Тұтқындар өздеріне қатысты қысым жасалғаны турасында нақты дәлелдер келтіре алмады. Олар жалпы түрмедегі тәртіпке наразы. Бірақ тұтқындардың көңілдері толмайды екен деп режимді өзгерту - заңға қайшы" дейді Серікбай Жаппаров.
XS
SM
MD
LG