Accessibility links

Ермек Нарымбаевты полиция ұстады


Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев.
Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаев.
Алматыда "Қарсылық жиынына" қатысуға келген "Назарбаев, кет!" деп ұрандап, сотталып шыққан оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаевты полиция ұстап әкетті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Нарымбаевты полиция Абай ескерткішіне келген жерінде ұстаған.

Ал оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлиннің хабарлауынша, полиция өзін үйінен шығармай отыр. Азаттық тілішісімен сөйлескен Қуанышәлин сағат 11 жарымда митингіге бару үшін үйінен шыққанын, бірақ сол мезетте есігінің алдында бірнеше полицейдің оны ішкі істер бөліміне алып кетуге келгенін айтады.

"Еш себепсіз мені алып кетпек болды. Бірақ оларға бармайтынымды айтып, үйіме кіріп кеткен соң олар есік алдында күзетіп тұр. Кешке дейін тұрмақ ойлары бар" дейді Қуанышәлин.
XS
SM
MD
LG