Accessibility links

Талдықорғанда да "Қарсылық жиыны" болды


Талдықорғанда 28 сәуірде сағат 10-да ардагерлер паркінде "Қарсылық жиыны" өтті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жиынға қатысқан Райхан Досқожанованың айтуынша, митингіге 35-тең адам келген. Жиналғандар сот жүйесі және құқық қорғау органдарындағы коррупция жайлы, тұрғын үй мәселесі мен зейнетақының аздығы туралы айтқан.

Жиынның соңында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық прокуратура қызметкерлері келіп, оларды әкімнің қабылдауына шақырған.

""Қарсылық жиыны" аяқталған соң оны ұйымдастырушы тіркелмеген "Алға" партиясы облыстық филиалының жетекшісі Баниамин Файзуллинаны қалалық ішкі істер бөліміне әкетті. Қазір онымен хабарласа алмай отырмыз" дейді Досқожанова.
XS
SM
MD
LG