Accessibility links

"Қарсылық жиынына" қатысқан бірнеше адам ұсталды


Оппозиция белсендісі Айгүл Кохаева "Қарсылық жиынында" сөз сөйлеп тұр. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
Оппозиция белсендісі Айгүл Кохаева "Қарсылық жиынында" сөз сөйлеп тұр. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
Алматыда "Қарсылық жиынына" қатысқан азаматтық белсенді Айгүл Кохаева мен суретші Қанат Ибрагимовты полиция ұстап әкетті деп. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Айгүл Кохаеваның өзі хабарлады.

Оның айтуынша, полиция өзін, Қанат Ибрагимов және жиында әуеге шар ұшырған бірнеше студентті - жиыны он шақты адамды ұстаған. "Қазір Медеу аудандық ішкі істер басқармасындамыз" дейді ол.

Полиция жиын басталар алдында оппозициялық саясаткер Ермек Нарымбаевты да ұстап әкеткен болатын.
XS
SM
MD
LG