Accessibility links

"Қарсылық жиынына" қатысқандарға іс қозғалды


Сенбіде Талдықорғанда "Қарсылық жиынына" қатысқан тіркелмеген "Алға" партиясының белсенділері Баниамин Файзуллин мен Олег Малиновскийге қарсы әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Азаттық радиосына партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция партия белсенділерін рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін айыптаған.

Белсенділерді полиция жиын өтіп жатқан кезде тұтқындап, плакаттарын тартып алған болатын.
XS
SM
MD
LG