Accessibility links

Астанадағы өрттен 41 пәтер зардап шекті


Астаналық өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет. 17 мамыр 2010 жыл.
Астаналық өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет. 17 мамыр 2010 жыл.
Астана қаласындағы үй кешендерінің бірінде шыққан өрттен 41 пәтер зиян шеккен. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне Астана қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарлады.

"Өрт туралы хабар кезекшінің пультіне 28 сәуір сағат 20.21-де түскен. Отырар көшесіндегі 18 нөмірлі екі қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлаған" деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Төтенше оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде өрттің жатақхана ғимаратында шыққаны және көршілес тұрған "Береке" атты жаңа үй кешеніне тигені анықталған. Құтқарушылар 13 қабаттық үйдің 41 пәтеріне өрт тиіп, 800 шаршы метрі жанғанын мәлімдеген.

Өрт 28 сәуір күні түнгі сағат 24.00-ге қарай өшірілген. 29 сәуір күні қала әкімшілігінің өкілі зардап шеккендерге жәрдем көрсетіліп, өрттің шығу себебі анықталып жатқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG