Accessibility links

БҰҰ бақылаушылар тобының жаңа басшысы Сирияға аттанды


Генерал-майор Роберт Муд (оң жақта) Кофи Аннанмен бірге тұр. Женева, 4 сәуір 2012 жыл

Генерал-майор Роберт Муд (оң жақта) Кофи Аннанмен бірге тұр. Женева, 4 сәуір 2012 жыл

БҰҰ-ның өкілінің хабарлауынша, осы ұйымның Сириядағы бақылаушылар тобының жаңа басшысы 29 сәуір күні Дамаскіге жол жүріп кетті.

Нирадж Сингх есімді өкілдің айтуынша, генерал-майор Роберт Муд Сирияның астанасына бүгін жетіп, осы елдегі БҰҰ-ның бас әскери бақылаушысы қызметіне кіріседі.

Норвегиялық ардагер бітімгер бұған дейін БҰҰ-ның Таяу Шығысты бақылау тобын басқарған. Роберт Муд 1999 және 2002 жылдары Косоводағы бітімгершілік әскерінің құрамында қызмет еткен.

Өткен сенбі күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Сирияда 10 сәуір күні жарияланған оқ атуды тоқтату туралы бітімнің жүзеге асуын бақылау үшін 300 адам жіберген еді.
XS
SM
MD
LG