Accessibility links

Миттал, Усманов пен Абрамович - Ұлыбританиядағы ең бай үшеу


«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. 2006
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. 2006
Дүниеге кең тараған "Арселор-Миттал" тобының негізін қалаушы үндістандық кәсіпкер Лакшми Миттал, Sunday Times газетінің жазуынша, Ұлыбританияның ең бай тұрғынына айналды. Оның иелігіндегі "Арселор-Миттал Теміртау" атты компания Қазақстандағы ең ірі болат өндіруші болып саналады.

Ресейлік кәсіпкерлер Алишер Усманов пен Роман Абрамович те осы елдегі ең бай үш адамның қатарында тұр.

Сегіз жыл бойы тізім басында тұрған Лакшми Митталдың дәулеті 12 миллиард 700 миллион фунт стерлинг деп шамаланған.

Металлургия саласының ірі кәсіпкері және "Арсенал" футбол командасының үлескері Алишер Усмановтың байлығы 12 миллиард 300 миллион фунт стерлинг төңірегінде.

Үшінші орындағы "Челси" футбол командасының иесі, мұнай магнаты Роман Абарамовичтің дәулеті 9 миллиард 500 миллион фунт стерлинг деп көрсетілген.
XS
SM
MD
LG