Accessibility links

Пәкістан АҚШ-тың әуе шабуылына наразы


Shadow ("Көлеңке") атты америкалық ұшқышсыз ұшу аппараты. Пәкістанда түсірілген сурет.

Shadow ("Көлеңке") атты америкалық ұшқышсыз ұшу аппараты. Пәкістанда түсірілген сурет.

Пәкістан үкіметі АҚШ-тың 29 сәуір күнгі әуе шабуылын айыптап жаңа мәлімдеме жасады. Жексенбі күні АҚШ әскері ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы Пәкістанның солтүстік-батыс аймағында қарулы бүлікшілер деп сипатталған үш адамды әуеден атып өлтірген еді.

Екі апта бұрын Пәкістан парламенті АҚШ үкіметіне мұндай зымыран шабуылдарын тоқтату туралы талап қойған болатын. Пәкістанның сыртқы істер министрлігі 30 сәуір күні таратқан мәлімдемеде "мұндай шабуылдар халықаралық заңға және мемлекетаралық қатынастардың қалыптасқан нормаларына мүлдем қайшы" деп жазылған.

АҚШ-тың ресми өкілдері алыстан басқарылатын аппараттар арқылы шабуыл жасау Пәкістан-ауған шекарасындағы экстремистермен күрестің тиімді тәсілі деп санайды. Бұл мәселе соңғы бір жылдың ішінде Вашингтон мен Исламабадтың арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер еткен себептердің бірі.
XS
SM
MD
LG