Accessibility links

Билл Клинтон Барак Обаманың кандидатурасын қолдап шықты


АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон (сол жақта) мен қазіргі президенті Барак Обама. Нью-Йорк, 23 қыркүйек 2010 жыл
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон (сол жақта) мен қазіргі президенті Барак Обама. Нью-Йорк, 23 қыркүйек 2010 жыл
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон келесі президент сайлауының қарсаңында Барак Обама үшін қол жинау мен қаржылық қор құру ісіне қатысатынын жариялады.

Саяси көзқарастарындағы қарама-қайшылыққа қарамастан Клинтон жексенбі күні Вирджиния штатында өткен сайлау кампаниясына Обамен бірге барды да, демократ президенттің қайта сайлануын қалайтынын мәлімдеді.

1993-2001 жылдар арасында АҚШ президенті болған Клинтон АҚШ экономикасын қалпына келтіру үшін Обама әкімшілігінің жемісті еңбек етіп жатқанын айтты. Билл Клинтон қазіргі демократ президенттің сайлаудағы басты қарсыласы, республикашыл Митт Ромниді сынап өтті. Клинтонның айтуынша, Ромни ұстанған саясат 1930 жылдардағы Зор күйзелістен бері АҚШ-ты экономикалық дағдарысқа ұшыратқан жол.

Билл Клинтонның әйелі Хиллари Клинтон 2008 жылғы президент сайлауы кезінде Барак Обамамен бәсекеге түскен еді. Соңғы үш жыл бойы ол Обама әкімшілігінде мемлекеттік хатшы қызметін атқарып келеді.
XS
SM
MD
LG