Accessibility links

Киев: Берлин "Қырғи қабақ соғыс" тәсілін жандандырды


Юлия Тимошенконың жақтастары Харьковта қолдау акциясын өткізіп тұр. 20 сәуір 2012 жыл
Юлия Тимошенконың жақтастары Харьковта қолдау акциясын өткізіп тұр. 20 сәуір 2012 жыл
Украина үкіметі Германия билігін "Қырғи қабақ соғысына" тән тәсіл ұстанып отыр деп айыптады. Бұған дейін Германия үкіметі Юлия Тимошенконың түрмедегі ахуалына алаңдап, бірқатар министрлерін биыл маусым айында Украинада өтетін футболдан Еуропа чемпионатына жібермейді деген хабар тараған еді.

Украина сыртқы істер министрлігінің өкілі 30 сәуір күні Германия спортты саясаттың құрбанына айналдырмайды деп үміттенетінін айтты. Киевтің бұл мәлімдемесіне Германияның канцлері Ангела Меркель өз министрлеріне Украинада өтетін Германия футбол құрамасының матчтарын көруге бармауға шақырды деген БАҚ хабарлары түрткі болған.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас өткен апта қамаудағы Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко өзін түрме қызметкерлері соққыға жықты деп шағым айтқан соң суып кеткен. Тимошенконың жақтастары ол жеті жылға саяси себептер бойынша сотталды деп санайды.

2012 жылғы 8 маусым - 1 шілде арасында Польша мен Украинада өтетін футболдан Еуропа чемпионаты - бұл елде СССР құлағалы бері ұйымдастырылып жатқан алғашқы ірі халықаралық іс-шара.
XS
SM
MD
LG