Accessibility links

Мары қаласы - ТМД-ның мәдени астанасы


Мары қаласындағы мешіт. 2009 жылы түсірілген сурет.
Мары қаласындағы мешіт. 2009 жылы түсірілген сурет.
Түркіменстанның оңтүстігінде орналасқан Мары қаласында бұл шаһардың 2012 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы деген мәртебе иеленуіне байланысы ресми шара өтті.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов 30 сәуір күні қала тұрғындарын құттықтап, жергілікті әкімшілік өкілдеріне астаналық мәртебені куәландыратын сертификат табыс етті. ТМД атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев бастаған делегация ресми шараға қатысты.

Былтырғы желтоқсан айында Түркіменстанның Марысы мен Қазақстанның Астана қаласы ТМД-ның алғашқы мәдени астаналары деп жарияланған болатын. Мары шаһары мен уәлаяты Жібек жолындағы маңызды сауда орталықтарының бірі болған. Қаланы ЮНЕСКО дүниежүзілік тарихи мұра ретінде таныған.
XS
SM
MD
LG