Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


САЛЫҚ ӨКІЛІ, САЛЫҚ КОМИТЕТІНЕН:

Сиыр тезегіне салық салғанша мына министрлерге қарынының көлеміне қарай және салмағына есептеп салық салса, сасық бірден жойылады. Әйтпесе күніне бес рет дәретханаға баратындар көп. Жәй халық жұмасына бір рет барады оның өзінде қарыны бір тойғанда.

(«Астана тағы иістене бастады» атты мақалаға жазылған пікір)


АРЫС, ШЫМКЕНТ:

«Е, е, бәсе... Бұл иттер (билік) басқа айтарым жоқ) Шетпеліктерді "поезды тоқтаттырдыңдар" деп емес, ана жерде көрініп тұрған "НАЗАРБАЕВ КЕТСІН! ЖАУАПҚА ТАРТЫЛСЫН!" деп ұстанған плакаттарға бола соттап жатыр-екен-ау?!...

(«ОМОН қалай болса солай атты» дейді Шетпе тұрғыны» атты мақалаға жазылған пікір)


ЫЗАЛЫ МАҢҒЫСТАУЛЫҚ:

ОМОН оқты белгілі бір бағытта емес, "тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп оқты жан-жағына қарша боратқан. Білмейтіндер үшін айтайын - темір жол поселкенің ортасымен өтеді, терістік жағында вокзал, станцияға қарасты 2-этажды үйлер орналасқан, ал түстік жағында бір этажды "қазақ ауыл" деп аталатын ауылдар орналасқан. Сол уақытта жол бойында тас тиейтін аласа платформалар составы тұрған, міне, осы состав көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалды - өйткені ауылда адамдар кешке қарай өрістен қайтқан малдарын жемдеп, суарып, т.б. көбіне далада жүреді. Жан-жаққа боратылған оқ осы платформаларға тиген, сөйтіп адамдар аман қалған, соның өзінде осы "қазақ ауылдан" 4 адам жарақат алды. Ал, бұл жағдайларды ешкім де тексерген жоқ, осыдан-ақ тергеудің қалай жүргенін біле беруге болады. Мұны ауыл адамдарының бәрі біледі, бірақ тергеуші жауыздардан қорқып айтпайды, бұл - кейін болатын шын тергеуді күтіп жатқан тарих бола тұрсын әзірге.

(«Екі куәгер бүркеншік аты мен жауаптарынан бас тартты» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар,

Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG