Accessibility links

Сирияда 12 үкімет сарбазы оққа ұшты


Дума қаласының маңындағы сириялық үкімет әскері. Сәуір, 2012 жыл. Көрнекі сурет
Дума қаласының маңындағы сириялық үкімет әскері. Сәуір, 2012 жыл. Көрнекі сурет
Сириядағы бақылаушы топтардың бірі оппозиция күштері 1 мамыр күні елдің шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясында 12 үкімет әскерін атып өлтірді деп хабарлады.

Лондонда орналасқан Сирияны бақылау тобының айтуынша, ұрыс осы провинцияның Бусейра ауданында болған. Сирия президенті Башар Асадқа бағынышты әскер жауап ретінде зымыран атып, пулеметтен оқ жаудырған. Бір бейбіт тұрғын өліп, бір мектеп ғимараты күл-талқан болған.

Лондондық бақылаушы топтың мәліметі бойынша 1 мамыр күні Идлиб провинциясында болған қақтығыс кезінде минамет оғынан 10 адам қаза тапқан.

Сирияға 29 сәуір күні жеткен БҰҰ бақылаушы тобының жаңа басшысы оқ атуды тоқтату туралы бітімнің орындалуына күш салып жатыр. Сириядағы үкімет пен оппозиция арасындағы қарулы қақтығыстың басталғанына бір жылдан асты.
XS
SM
MD
LG