Accessibility links

1 мамырда әлем бойынша наразылық шерулері өтті


Пәкістанның Лахор қаласында өткен Еңбек күнгі наразылық шеруінен көрініс. 1 мамыр 2012 жыл
Пәкістанның Лахор қаласында өткен Еңбек күнгі наразылық шеруінен көрініс. 1 мамыр 2012 жыл
1 мамыр күні дүниежүзі бойынша жұмыс жағдайын жақсартып, үкімет шығынын қысқартуды талап еткен наразылық шерулері өтті.

Азияда Индонезия, Малайзия, Тайвань және Филиппин елдерінің тұрғындары жалақыларын өсіруді, бағаның өсуіне байланысты жұмыс орындарын сақтап қалуды талап етті.

Еуропада Грекия, Испания мен Португалия сияқты қаржы дағдарысынан қатты зардап шеккен елдердегі кәсіподақ ұйымдары 1 мамыр күнгі шеруге көп адам қатысады деп жоспарлап отыр. Бұлар үкіметтерінің қоғамдық қызметкерлердің жалақысын азайтқанына наразы.

1 мамырды Еңбек күні ретінде атап өтпейтін АҚШ-та Occupy Wall Street ("Уолл Стритті басып ал") қозғалысының мүшелері бүкіл ел бойынша еңбек жағдайын жақсартуды талап ететін демонстрациялар өткіземіз деп мәлімдеді. Оларға бірқатар қоғамдық көлік қызметтері қосыламыз деп хабарлаған.
XS
SM
MD
LG