Accessibility links

Обама: Ауғанстандағы соғыс ұзамай тоқтайды


Барак Обама Баграмдағы әскери базада сөз сөйлеп тұр. Ауғанстан, 2 мамыр 2012 жыл.

Барак Обама Баграмдағы әскери базада сөз сөйлеп тұр. Ауғанстан, 2 мамыр 2012 жыл.

Бейресми сапармен Ауғанстанға келген АҚШ президенті Барак Обама "Мұндағы соғыс көп ұзамай тоқтайды, "Әл-Қаиданың" күйрейтін күні де алыс емес" деп мәлімдеді.

Обама Кабулда Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен кездесіп, 2014 жылы АҚШ әскері шығарылғаннан кейінгі екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Мұнан соң Обама Баграмдағы АҚШ әскери базасында сөз сөйледі.

Америкалық телеарна таратқан сөзінде Обама Ирак пен Ауғанстандағы соғыс біткен соң "аймақта тұрақтылық орнайтынын" айтты.
XS
SM
MD
LG