Accessibility links

Мьянма оппозициясының жетекшісі ант қабылдады


Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжи

Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжи

Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжи ел астанасы Нейпьидода парламент депутаты ретінде ант қабылдады.

66 жастағы оппозициялық саясаткердің ант қабылдауы оның авторитарлық билікпен үздіксіз күрес жүргізгеннен бергі мемлекеттік қызметке алғаш кіріскенінің белгісі ретінде қабылданды. Аун Сан Су Чжи демократия жолындағы күресін ширек ғасырға жуық уақыт бұрын бастаған болатын.

Сарапшылар Су Чжидің депутаттар қатарына қосылуын Мьянмадағы жаңа тарихи кезеңнің бастауы деп бағалап отыр.
XS
SM
MD
LG