Accessibility links

Ақтауда жаңаөзендік полицейлер соты қайта басталды


Сот залында отырған айыпталушы полиция қызметкерлері. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.

Сот залында отырған айыпталушы полиция қызметкерлері. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.

Сәрсенбі, 2 мамырда Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыпталған полицейлердің соты одан ары жалғасты. Бұл сотқа айыпталушы ретінде бес полиция қызметкері қатысып отыр.

Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, сотқа қорғаушы Абзал Құспанов, ЖСДП жетекшісі Болат Әбілев пен "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы келген.

Сотқа Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлмаржан Әділсұлтани төрағалық етіп отыр.

27 сәуірде басталған соттың алғашқы күні интернетте "Saule-540" деген автор таратқан, полицияның қарусыз адамдарды жаппай атып, ұрып-соғып жатқаны туралы видеожазбаның кейіпкері сұралған.
XS
SM
MD
LG