Accessibility links

CPJ баспаөз еркін шектейтін елдерді атады


Сотталған әзірбайжандық журналист Эйнулла Фатуллаев. Көрнекі сурет.

Сотталған әзірбайжандық журналист Эйнулла Фатуллаев. Көрнекі сурет.

Халықаралық журналистерді қорғау комитеті (Committe to Protect Journalists) 2 сәуірде әлемдегі баспасөз еркіндігі жайлы есебін жариялады.

Ұйым есебінде баспасөз еркіндігін шектеді деген 10 елді атайды. Олардың арасында постсоветтік Өзбекстан мен Беларусь, Иран, Сауд Арабиясы, Солтүстік Корея, Сирия, Куба, Бирма мен Экваторлық Гвинея мемлекеттері бар. Тізімнің басында Эритрея орналасқан.

"Өзбекстанда журналистер қудалауға ұшыраса, Беларусьте өзі де аз тәуелсіз ақпарат құралдары қудалаудан астыртын жұмыс істеуге мәжбүр болған. Ал Иран үкіметі саяси толқуларды веб-сайттарды жауып, журналистерді түрмеге тоғыту арқылы басуға тырысады" дейді ұйым есебінде. Комитет Сирия үкіметі елде толқулар басталғанда ол туралы ақпарат таратуға тырысқан журналистерді қудалап, шетелдік журналистердің елге кіруіне тыйым салғанын атап өткен.

Баспасөзді шектейтін елдердің тізімі веб-сайттарға кіру еркіндігі, журналистердің кәсіби еркіндігі және олардың жекеменшік ақпарат құралдарында қызмет ету құқықтарының бар-жоғына қарап анықталған.

Баяндама 3 мамырдағы дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күніне орай жарияланып отыр.
XS
SM
MD
LG