Accessibility links

Қазақстанда баспасөз еркіндігі шектеліп жатқаны айтылды


Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.
Қазақстанның журналистер одағы, "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры және дүниежүзілік сөз бостандығы ассоциациясы сәрсенбіде "Сөз бостандығы - сөзсіз" деп аталған халықаралық карикатура байқауының қорытындысын жариялады.

Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың айтуынша, байқауға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның суретшілері қатысып, журналистердің өмірі мен кәсіби қызметінде кездесетін түрлі мәселелер туралы карикатуралар жасаған. Байқауға 76 жұмыс келіп түскен.

3 мамырдағы дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне орайластырылған баспасөз жиынында ұйымдастырушылар Қазақстанда баспасөз еркіндігі жақсармай тұрғанын, интернетті шектеудің күннен-күнге күшейіп, журналистерге жасалған шабуылдардың ізі ашылмай қалып жатқанын да айтты.

Жеңімпаздарды марапаттау шарасы бейсенбіде өтеді.
XS
SM
MD
LG