Accessibility links

Еуропа Одағында жұмыссыздық деңгейі өсті


Барселонада үкіметтің бюджеттік шығындарды қысқарту саясатына наразылық танытқан жұмысшылар мен полицияның қақтығысы. Испания, 29 наурыз 2012 жыл.

Барселонада үкіметтің бюджеттік шығындарды қысқарту саясатына наразылық танытқан жұмысшылар мен полицияның қақтығысы. Испания, 29 наурыз 2012 жыл.

Еуропа Одағының (ЕО) Еуростат статистика агенттігі одақтың 17 елінде жұмыссыздық деңгейі 11 пайызға жуық өсті деп хабарлады сәрсенбіде. Бұл - еуро айналымға енген 1999 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Агенттіктің дерегінше, ЕО-дағы жұмыссыздық деңгейі наурызда - 10,9 пайыз, ақпанда - 10,8 пайыз болған. Ал бұдан бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,9 пайыз болған.

Сарапшылардың айтуынша, жұмыссыздық деңгейі одақ елдерінің үкіметтері қаржы дағдарысымен күресу үшін қатаң бюджеттік саясатты жүргізе бастағаннан бері жоғарылаған. Мысалы, қатаң бюджеттік шаралар қабылдаған Испанияда халықтың 24 пайызы - жұмыссыз.

Ал Германияның еңбек агенттігі сәуірде елдегі жұмыссыздық деңгейі 7 пайызға түскенін айтады.
XS
SM
MD
LG