Accessibility links

Қытай диссиденті АҚШ елшілігінен кетіп қалды


Қытайлық зағип диссидент Чэн Гуанчэн.
Қытайлық зағип диссидент Чэн Гуанчэн.
Қытайлық зағип диссидент Чэн Гуанчен отбасынан оның үйқамақтан қашып кеткені үшін кек қайтарылатыны туралы доқ көрсетілген соң Пекиндегі АҚШ елшілігінен шықты. Бұл туралы Associated Press агенттігіне диссиденттің өзі хабарлаған.

Чэн Гуанченнің айтуынша, АҚШ өкілдері оған "Қытай билігінің әйелін өлімші халге жеткізетінін айтып, қысым жасағанын" хабарлаған. Америкалық ChinaAid құқық қорғау ұйымы да Гуанченнің отбасына қоқан-лоққы көрсетілген соң елшіліктен кетуге мәжбүр болғанын айтады.

Ал АҚШ-тың мемлекеттік департаменті "бір де бір америкалық шенеунік ешқашан Чэнмен отбасына қатер төнгені туралы сөйлескен емес" деп мәлімдеме жасады. Пекинде сапармен жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бұған дейін Чэн Гуанчэнді қолдай беретінін айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG