Accessibility links

ДДСҰ: Пәкістанда шала туған бала көбейді


Ауғанстанда ауруханада баласымен жатқан әйел. Герат, 9 сәуір 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Ауғанстанда ауруханада баласымен жатқан әйел. Герат, 9 сәуір 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Пәкістан әлемде мерзімінен ерте туатын бала саны ең көп елдер қатарына кірді деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен бірнеше балалар қайырымдылық қорлары бірлесе дайындаған жаңа есебінде.

Есепте 2010 жылы Пәкістанда 750 мың бала мерзімінен ерте туғаны айтылады. Бұл көрсеткіш бойынша Пәкістаннан Үндістан мен Қытай ғана алда тұр. Үндістанда жыл сайын 3 миллион 520 мың бала, Қытайда 1 миллион 172 мың бала айы-күніне жетпей туады. Пәкістанда әрбір жүз баланың 16-сы мерзімінен ерте туады.

Тізімге кірген 184 елдің арасында мерзімінен ерте туатын балалар саны аз мемлекет - Беларусь. Мұнда жүз баланың тек төртеуі ғана шала туады. Ұйымдар есебі бойынша, жыл сайын әлемде 15 миллон бала мерзіміне жетпей туады. Олардың 1 миллионнан астамы шетінеп кетеді.

"Аналарға арзан медициналық көмек көрсетіп, неонатальды орталықтар ашу арқылы балалар өлімінің 75 пайызының алдын алуға болады" деп санайды аталған ұйымдар.
XS
SM
MD
LG