Accessibility links

Саркози мен Олланд соңғы теледебат өткізді


Франция президенті Николя Саркози.

Франция президенті Николя Саркози.

Францияда президент сайлауынан үміткерлер - қазіргі президент Николя Саркози мен оның бәсекелесі, социалистік партиядан Франсуа Олланд сайлаудың соңғы кезеңінің алдында соңғы теледебат өткізді.

Өткір пікірсайыс кезінде Саркози бәсекелесін "құрғақ формулаларға сүйенеді және әлемде экономикалық қуаты жағынан бесінші орында тұрған елді дағдарыстан алып шығуға қауқарсыз" деп атады.

Бұған жауап ретінде Олланд Саркозиді "халықты бөлшектеді" деп, оның тұсында елде жұмыссыздық деңгейі екі есеге артып, 10 пайызды құрағанын айтты. Оның пікірінше, мемлекеттің сыртқы қарызы рекордтық деңгейге жеткен.

Соңғы сауалнаманың қорытындысына қарағанда, Николя Саркози қазір танымалдылығы жөнінен Франсуа Олландтан артта қалып кеткен.
XS
SM
MD
LG