Accessibility links

Парсы шығанағы елдері Иранды айыптады


Сауд Арабиясы ханзадасының тақ мұрагері Найеф бин Әбделәзиз.
Сауд Арабиясы ханзадасының тақ мұрагері Найеф бин Әбделәзиз.
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта болған Парсы шығанағы мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің жиынында саудия ханзадасының мұрагері Найеф бин Әбделәзиз Иранды Парсы шығанағындағы даулы Әбу Мұса аралын "басып алды", Бахрейндегі тұрақтылықты шайқалтты деп айыптады.

Иран мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы Әбу Мұса аралына қатысты жанжал өткен айда аралға Иран президенті Махмұд Ахмединежад барған соң туындаған. Екі ел де аралды өзінікі өзінікі деп санайды.

Парсы шығанағының сүнниттік мемлекеттері Иранды Бахрейндегі шииттік оппозицияны қолдап отыр деп те айыптады. Өткен жылы болған Бахрейндегі шииттердің жаппай толқулары елге Сауд Арабиясы мен БАӘ әскері кірген соң басылған болатын.
XS
SM
MD
LG