Accessibility links

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты


Аударылып қалған автобус. (Көрнекі сурет).
Аударылып қалған автобус. (Көрнекі сурет).
Пәкістанның солтүстік-батысындағы таулы Кохистан аймағында бейсенбіде автобус апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты, 20 шақты адам жараланған.

Бірақ жергілікті билік жараланған және құтқарылған адамдардың көпшілігі ауыр жағдайда болғандықтан құрбан болғандар саны бұдан көп болуы мүмкін дейді.

Полицейлердің сөзіне қарағанда, Равалпинди қаласынан Гилгит қаласына кетіп бара жатқан автобус Кохистан аймағының Коз Камел ауданындағы шатқалға құлап кеткен. Аймақ Исламабадтан 200 шақырым жерде.
XS
SM
MD
LG