Accessibility links

Тәжікстан тағы бір исламшыл ұйымға тыйым салды


Тәжікстанда тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.

Тәжікстанда тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.

Тәжікстанның жоғарғы соты "Жамаат Ансарулла" исламшыл ұйымын террористік топ қатарына жатқызып, қызметіне тыйым салды.

Ұйым өткен жылы Тәжікстан азаматтарын жиһадқа шақырып, шариғат заңдарымен жүруді қолдауға үгіттеген бірнеше видео үндеу таратқан болатын. Ал Тәжікстанның қауіпсіздік күштері таяуда бұл әскери ұйымның командирін өлтірген. Тәжік билігі оны ұйым белсендісі деп атаған.

Тәжікстан билігі 2000 жылдан бері оннан астам исламшыл топтар мен ұйымдардың қызметіне тыйым салды. Олардың арасында "Әл-Қаида", Талибан, Өзбекстан ислам қозғалысы, "Таблиғи Жамағат" және "Хизб-ут-Тахрир" ұйымдары бар.
XS
SM
MD
LG