Accessibility links

RWB: Назарбаев баспасөз еркіндігін шектейді


Reporters Without Borders ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.

Reporters Without Borders ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders - RWB) халықаралық баспасөз еркіндігін қорғау ұйымы 3 мамырда баспасөз еркіндігін шектейтін мемлекет басшыларының жаңартылған тізімін жариялады. Тізімде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да аты аталады.

Ұйымның тізімінде барлығы 41 президент бар. Олардың арасында Ресейдің жаңа сайланған президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев бар.

Тізім 3 мамыр - дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күнінде жарияланды.

Ұйымның мәліметінше, 2012 жылдың басынан бері әлемде 21 журналист, алты интернет және азаматтық журналист қаза тапқан. Олардың көпшілігі әскери операциялар жүріп жатқан Сомали мен Сирияда оққа ұшқан.
XS
SM
MD
LG