Accessibility links

Конгрессмен Бакуден журналистерді қорғауды сұрады


АҚШ конгресмені Говард Берман.
АҚШ конгресмені Говард Берман.
АҚШ конгрессмені, конгресстің сыртқы істер комитетінің төрағасы Говард Берман Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке елде журналистерге қысым жасалып, доқ көрсетілгені туралы алаңдаушылық білдіріп, хат жазды.

3 мамыр - дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні жіберілген хатта конгрессмен "таяуда болған оқиғалар Әзербайжанда азаматтардың өз ойы мен пікірін еркін білдіру құқықтарына қатысты алаңдаушылықты күшейтті" деп жазады.

Берман мемлекеттік мұнай компаниясы күзетшілерінің қиратылып жатқан үйді видеоға түсірген бес журналисті ұрғанын, Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмаилованың жеке басына қатысты кидеоның тарап кеткенін айтты.

Берман хатының соңында Бакуді журналистерге зорлық жасағандарды жауапқа тартып, оларды қорғауға шақырады.
XS
SM
MD
LG