Accessibility links

Жаңаөзендік жәбірленушілерге заң көмегін беретін топ құрылды


"Жаңөзен оқиғасы" бойынша жәбірленушілер Әсем Кенжебаева (сол жақта) мен Юрий Кәменов (оң жақта). Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.

"Жаңөзен оқиғасы" бойынша жәбірленушілер Әсем Кенжебаева (сол жақта) мен Юрий Кәменов (оң жақта). Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.

Ақтауда Жаңаөзен оқиғасы бойынша қылмыстық іске тартылған жәбірленушілерге заңдық тұрғыда көмек көрсететін бастамашыл топ құрылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Жаңаөзен жәбірленуші" деп аталатын топты құрушылардың бірі - адам құқықтарын қорғайтын "Заман" қоғамдық бірлестігінің өкілі Әсел Нұрғазинаның айтуынша, топ тек Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккендерге заңдық және ақпараттық көмек көрсетумен айналысады. "Топ ешқандай саяси мақсатты көздемейді, тек Қазақстан және халықаралық заңдар шеңберінде жұмыс істейді" дейді Нұрғазина.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотқа бақылаушы ретінде қатысып отырған Әсел Нұрғазина сотта жәбірленушілердің өз құқықтарын қалай қорғау керегін, тіпті сотта өзі-өзі ұстау сияқты қарапайым заңдық ережелерді білмейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG