Accessibility links

Сопылық ағым өкілдеріне қатысты үкім өзгеріссіз қалды


Сопылық ағым өкілі Саят Ыбырайдың қорғаушысы Шынқуат Байжанов.

Сопылық ағым өкілі Саят Ыбырайдың қорғаушысы Шынқуат Байжанов.

Жұма күні Алматы қалалық сотында сопылық ағым өкілдеріне қатысты берілген кассациялық шағым қаралды.

Сотталған сопылық ағым өкілдерінің бірі - Саят Ыбырайдың қорғаушысы Шынқуат Байжановтың Азаттық тілшісіне хабарлауынша, сотқа төрағалық еткен судья Ерден Әріпов 2011 жылы қазан айында шыққан сот үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.

Сопылық ағым өкілдеріне қатысты іс 14 ай бойы тергеліп, ол бойынша 2011 жылы қазанның 19-ы күні Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты 9 адамға үкім шығарған еді. Сот тоғыз адамды 2 жылдан 14 жылға дейін бас бостандықтарынан айырған.
XS
SM
MD
LG