Accessibility links

Тимошенко Украинада емделуге келісті


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Харьков түрмесінде жатыр. 25 сәуір 2012 жыл.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Харьков түрмесінде жатыр. 25 сәуір 2012 жыл.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы тексерген неміс дәрігері Карл Макс Айнгопель тұтқынның Харьковтегі госпитальда емделуге келіскенін айтты. Емдеу шаралары 8 мамырда басталады.

Юлия Тимошенко өзіне түрмеде дұрыс қарым-қатынас жасамайтынын айтып, соған наразылық ретінде аштық жариялап отыр.

Украинаның бас прокуроры Виктор Пшонка "құқық қорғау орындары Тимошенконың шынымен соққы көргенін анықтай алмағанын" айтып, қылмыстық іс қозғаудан бас тартты.

Украинаның бұрынғы премьер-министріне қатысты оқиғалардан кейін Еуропа мемлекеттері шенеуніктерінің біразы осы елде өтетін футбол жарысына бойкот жариялады.

Тимошенко "билігін асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған. Ол бұл үкімнің саяси астары бар екенін айтады.
XS
SM
MD
LG