Accessibility links

Жапония ақырғы АЭС-ін сөндіре бастады


Апаттан кейін түтіндеп жатқан "Фукусима-Дайичи" АЭС-і. Жапония, 21 наурыз 2011 жыл.
Апаттан кейін түтіндеп жатқан "Фукусима-Дайичи" АЭС-і. Жапония, 21 наурыз 2011 жыл.
Жапония қырық жылдан бері тұңғыш рет атом қуатынан бас тартты. Хоккайдо префектурасында жұмыс істеп тұрған "Томарин" атом электр станциясының (АЭС) соңғы - үшінші реакторы бүгін профилактикалық мақсатта сөндіріліп жатыр.

Ел үкіметі барлық атом реакторларының жер сілкінісі мен цунамиге төзімділігін байқау үшін қосымша тексеру бастаған еді. Бағдарлама "Фукусима-Дайичи" АЭС-індегі апаттан кейін қабылданды.

Бүгін Токиода АЭС-тен біржолата бас тартуды талап еткен мыңдаған адам шеру өткізді.

Жапониядағы тоқтатылған атом реакторлары жергілікті тұрғындар рұқсат етсе ғана қайтадан іске қосылады. Бірақ әзірше ешкім келісім берген жоқ.

Жапония "Фукусиме-Дайичидегі" апатқа дейін тұтынатын электр қуатының үштен бірін АЭС-тен алатын.
XS
SM
MD
LG