Accessibility links

Махачкаладағы жарылысқа күдіктілер анықталды


Жарылыс болған жер. Махачкала, 4 мамыр 2012 жыл.

Жарылыс болған жер. Махачкала, 4 мамыр 2012 жыл.

Дағыстанның орталығы Махачкалада 13 адам мерт еткен жарылысқа күдікті адамдардың аты-жөні аталды. Республика басшысы Магомедсалам Магомедовтің айтуынша, күдіктілер - Махачкалада бұрын тұрған ағалы-қарындасты Ризван мен Муслимат Алиевтер. Ол екеуіне іздеу жарияланды.

Бейсенбі күні кешке болған екі жарылыстан жараланған 15 адамның халі ауыр. Ауруханада барлығы 60 жаралы жатыр.

Қайтыс болған марқұмдардың сүйегі туыстарына берілді.

Дағыстанда осы сенбіні қаралы күн деп жариялады.
XS
SM
MD
LG