Accessibility links

Сириядағы жарылыстардан бірнеше адам қаза тапты


Сирияның Хомс қаласы. 2 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Сирияның Хомс қаласы. 2 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласы маңында үш рет жарылыс болып, кем дегенде үш адам қаза тапты, бірнеше адам жараланды. Сирия құқық қорғаушыларының айтуынша, бомба автобус өтіп бара жатқанда жарылған.

Сенбі күні ел астанасы Дамаскінің орталық көшесінде де екі рет жарылыс болған. Белсенділердің айтуынша, бұл оқиғадан адам шығыны жоқ, тек тоғыз көлік өртеніп, жақын маңдағы үйлердің терезелері сынған.

Бүгін үкіметі күштері Түркиямен шектес Идлиб уәлаятында қарулы оппозиция мүшелеріне шабуыл жасаған кезде жиырма шақты адам жараланды.

Оппозиция өкілдерінің айтуынша, ресми түрде бейбітшілік жарияланған 12 сәуірден бері Сирияда 600-дей адам мерт болған, олардың 48-і жұма күні көз жұмған.

Ал Сирияға барған БҰҰ бақылаушылары өз миссиялары тиімді болып жатқанын айтады.

Президент Башар әл-Асадтың жақтастары мен оппозицияның 14 айдан бергі қақтығысынан 11 мыңнан астам адам көз жұмған.
XS
SM
MD
LG