Accessibility links

Каирде жағдай тұрақтанды


Каирдегі тәртіпсіздік. 2 мамыр 2012 жыл.
Каирдегі тәртіпсіздік. 2 мамыр 2012 жыл.
Каирдегі кешегі шеруден кейін қаланың Аббасия ауданына әскер кіргізіліп, жексенбінің таңына дейін коменданттық сағат жарияланды.

Жұма күні қалада Египет қорғаныс министрлігі маңында болған қақтығыстан бір полицей қаза тауып, 370-тей адам жараланған еді. 170 адам тұтқындалған.

Халықаралық журналистерді қорғау комитетінің дерегіне қарағанда, кешегі оқиға барысында 18 журналист тұтқындалып, сабалған.

Исламшылар бастаған шерушілер Жоғары әскери кеңестің билікті тезірек азаматтық үкіметке өткізіп беруін талап етті.

Египетте 23-24 мамырда Хосни Мүбәрәк билігі құлағаннан бергі алғашқы президент сайлауы өтеді. Әскерилер содан кейін билікті жаңадан сайланған президентке өткізіп беруге уәде еткен.
XS
SM
MD
LG