Accessibility links

Франция халқы президентін сайлап жатыр


Президенттікке кандидат Франсуа Олланд жақтаушыларымен кездесіп тұр. Тулуза, 3 мамыр 2012 жыл
Президенттікке кандидат Франсуа Олланд жақтаушыларымен кездесіп тұр. Тулуза, 3 мамыр 2012 жыл
6 мамыр Франциядағы президент сайлауының соңғы айналымында дауыс беру басталды. Алдын-ала сауалнама нәтижелері бойынша Социалистік партия жетекшісі Франсуа Олланд қазіргі президенті Николя Саркозиден алда келе жатыр. Бұл жолы да сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалды. Ресми ақпарат бойынша таңғы сағат 10.00-ге дейін дауыс берушілердің 30 пайызы сайлау учаскелеріне келіп кеткен.

Олланд сәуір айында өткен алғашқы айналымда Саркозиден жарты миллиондай дауыс артық алған еді. Зерттеушілер консерватор президент соңғы күндері социалист бәсекелесімен арадағы айырмашылықты азайтқандай болды деп санайды. Сарапшылардың айтуынша, егер халық белсенді түрде дауыс беретін болса, Саркозидің жеңіп шығуы да мүмкін.

Екі кандидатқа да сайлау кампаниясы кезінде Франция жұртшылығын қатты алаңдататын жұмыссыздық, көші-қон және елдің экономикалық болашағы сияқты мәселелер бойынша көптеген сауалға жауап беруге тура келді. Франциядағы жұмыссыздық деңгейі 12 жыл бойы 10 пайыздан кемімей тұр.

Сайлаудың алғашқы нәтижелері Астана уақыты бойынша 6 мамыр түнгі 23.00-де белгілі бола бастайды.
XS
SM
MD
LG