Accessibility links

11 қыркүйек терактісінің айыпталушылары сөйлемей қойды


11 қыркүйек бойынша айыпталушылар Халид Шейх Мухаммад (сол жақта) және Рамзи бен әл-Шиб

11 қыркүйек бойынша айыпталушылар Халид Шейх Мухаммад (сол жақта) және Рамзи бен әл-Шиб

Гуантанамо базасындағы әскери сот 2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте теракт жасады деген айып тағылған бес адамның ісін қарай бастады. Бес айыпталушы да 5 мамыр күні басталған сот отырысы кезінде сөйлеуден бас тартты.

Халид Шейх Мухаммад - ұшақ айдап әкету мен теракт ұйымдастыру жоспарының негізгі ұйымдастырушысы ретінде айыпталған гуантанамолық тұтқын. Ол да, оның төрт серігі де адам өлтіру мен терроризм бойынша өздеріне тағылған айыптарға қатысты қандай да бір жауап, арыз, я өтініш айтпау құқықтарын пайдаланды. Бұл айыптар бойынша ең жоғарғы шекті - өлім жазасы да кесілуі мүмкін.

Сот отырысы тоғыз сағатқа созылды. Мухаммад пен өзге төрт айыпталушы судьяның бір де бір сұрағына жауап бермеді. Олардың әскери соты Ақ үйдегі саяси жетекшіліктің ауысуы мен сот процесінің қалай өтуіне қатысты туған келіспеушіліктерге байланысты ұзақ уақытқа созылып кеткен еді.

Айыпталушылардың бәрі үш жылдан астам ЦРУ-дің жабық түрмелерінде қамауда болып, 2006 жылы Гуантанамоға жіберілген болатын. Олардың бәрі өздерін түрмеде азаптады деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG