Accessibility links

Парламент сайлауында Ахмадинежадтың қарсыластары басым түсті


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет
Ирандағы парламенттің қосымша орындарына өкіл сайлау кезінде президент Махмуд Ахмадинежадтың саяси қарсыластары 65 орынның 41-ін жеңіп алды. Бұл өткен жұма күні болған сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялау кезінде белгілі болды.

Ирандық БАҚ-тың жазуынша, президенттің жақтастары 13 пайыз орын иеленген. Қалған 11 орынды тәуелсіз кандидаттар жеңіп алған. Наурызда өткен парламенттік сайлаудың алғашқы айналымында да Ахмадинежадтың қарсыластары 290 орынның көпшілігін иеленген еді.

Иранның парламенті президентке тікелей бағынатын көптеген саяси институттарға, оның ішінде ядролық бағдарлама жетекшілеріне ықпал ете алмайды. Бірақ 2013 жылы сайланатын президент кандидатурасына қатысты шешімге әсер ететін құзыреті бар.
XS
SM
MD
LG