Accessibility links

Сирияда парламент сайлауы өтіп жатыр


Хомс қаласының Әл-Ваар ауданына рейд жасап жүрген үкімет күштерінің танкі. Сирия, 2 мамыр 2012 жыл.

Хомс қаласының Әл-Ваар ауданына рейд жасап жүрген үкімет күштерінің танкі. Сирия, 2 мамыр 2012 жыл.

Сирияда дүйсенбіде парламент сайлаулары басталды. Ондаған жылдардан бері сайлау алғаш рет көппартиялы жүйеде өтіп жатыр.

Конституциядағы басқарушы "Баас" партиясының монополиясы туралы бап өткен жылы халықтық толқулардан соң алынып тасталған болатын. Ресми мәлімет бойынша, парламенттегі 250 орынға 7 мыңнан астам үміткер таласып отыр.

Осыған қарамастан, елдегі басты оппозициялық күштер сайлауға байкот жариялауға шақырған. Оппозиция сайлауды "сайқымазақ" деп атап, "балама" үкімет құруға шақырды.

Сайлауға қуғындағы сириялық оппозиционерлер де байкот жариялады.

Сирия билігі БҰҰ-ның қақтығысты тоқтату туралы жоспарымен келіскенімен, күн сайын үкімет пен көтерілісшілер арасында қақтығыстар болып жатқаны туралы хабарлар түсіп жатыр.
XS
SM
MD
LG