Accessibility links

Путинді ұлықтау рәсімі өтті


Мәскеуде болған "Миллиондар шеруі". Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл.
Мәскеуде болған "Миллиондар шеруі". Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл.
Мәскеудің Үлкен Кремль сарайында Ресейдің жаңадан сайланған президенті Владимир Путиннің инаугурациясы өтті.

Рәсімге үш мың адам шақырылды. Олардың арасында үкімет мүшелері, мемлекеттік думаның депутаттары, конституциялық соттың судьялары, Путиннің сайлауалды кампаниясына қатысқандар, дипломаттар, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері болды.

"Справедливая Россия" партиясынан сайланған мемлекеттік дума депутаты Илья Пономарев пен мәдени қайраткер Марат Гельман инаугурацияға қатыспайтындарын мәлімдеді. Марат Гельман бұған жексенбіде Болотный алаңында болған митингіден соң жолдасы, продюссер Александр Чепарухинді полицияның ұрып кеткені себеп болды дейді.

Инаугурация басталмай тұрып, Мәскеудің орталығында сайлаулар әділетсіз өтті деп, наразылық танытқан ондаған оппозициялық белсенді ұсталды. Олардың арасында оппозициялық саясаткер Борис Немцов бар. Хабарларға қарағанда, полиция көп адамның арасынан тек ақ лента таққандарды ғана ұстаған. Ақ лентаны Ресей опозициясы әділетті сайлаудың белгісі деп қабылдайды.

Кейбір хабарларға қарағанда, демонстранттарды ұстау үшін көзден жас ағызатын газ қолданылған.

6 мамырда Ресейдің астанасы мен бірқатар аймақтарындағы ірі қалаларында соңғы президенттік сайлаудың нәтижесіне және Владимир Путиннің инаугурациясына қарсылық көрсету шаралары болды. Наразылық шараларында қоғамдық белсенділердің кейбіреуі қамауға алынды.

Бұған дейін Владимир Путин 2000-2008 жылдары екі мәрте Ресей президенті болып қызмет атқарған.
XS
SM
MD
LG