Accessibility links

Әзірбайжанда оппозиция шеру өткізді


Бакудің орталығында оппозиция өткізген шеру. Әзірбайжан, 7 мамыр 2012 жыл.

Бакудің орталығында оппозиция өткізген шеру. Әзірбайжан, 7 мамыр 2012 жыл.

Әзірбайжанның оппозициялық партиялары дүйсенбіде Бакуде биліктен ел астанасында қоғамдық іс-шара өткізуге рұқсат беруді талап етіп, рұқсат етілмеген шеру өткізді.

Қоғамдық палата деген топ атпен шыққан 150-ге жуық адам қала мэрі Гаджибала Абуталиповтың кеңсесінің алдында наразылық танытып, оның отставкаға кетуін талап етті. Хабарларға қарағанда, бірнеше белсенді тұтқындалған.

Әзірбайжан билігі оппозициялық қозғалыстарға Бакудің орталығында медонстрация өткізуге рұқсат бермей, тек қаланың сыртына ғана жиналуға мәжбүрлеп келеді.
XS
SM
MD
LG