Accessibility links

Тәжік және өзбек билігін сынаушыға шабуыл жасалды


Тәжікстанда тұратын тәжік және өзбек билігін сынаушы Салим Шамсиддинов.
Тәжікстанда тұратын тәжік және өзбек билігін сынаушы Салим Шамсиддинов.
Тәжікстандағы Хатлон уәлаятының өзбек қауымдастығының жетекшісі, белсенді Салим Шамсиддиновті Қорғантөбе қаласындағы өз үйінің жанында белгісіз біреулер ұрып кетті.

Шамсиддиновтің сөзіне қарағанда, өткен сенбіде оған үш ер адам шабуыл жасап, басы мен аяғынан жаралаған. Жергілікті билік мұны растағанымен, оқиғаға қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Салим Шамсиддиновтің болжауынша, шабуыл оның таяуда ғана ақпарат құралдарында сөйлеген сөзімен байланысты. Онда ол тәжік билігін көрші Өзбекстанмен қарым-қатынасын шиеленістіріп отыр деп айыптай сөйлеген. Шамсиддинов өзбек режимін де талай рет сынаған болатын. Шабуыл жасалған күні ол Тәжікстанның "Өзбектер қоры" төрағасының орынбасарлығынан түсіп қалған еді.

Душанбе мен Ташкенттің қарым-қатынасы су ресурстары мен электр энергиясына қатысты келіспеушілік салдарынан шиеленісіп тұр.
XS
SM
MD
LG