Accessibility links

"Әл-Жазира" Қытайдағы кеңсесін жабуы мүмкін


"Әл-Жазира" телекомпаниясының бюросы. Көрнекі сурет.

"Әл-Жазира" телекомпаниясының бюросы. Көрнекі сурет.

"Әл-Жазира" (Al Jazeera) телекомпаниясы Қытай билігі телеарнаның осы елдегі журналисіне бұдан ары қызмет етуге мүмкіндік бермесе, Пекиндегі бюросын жабады.

Қытай үкіметі бірнеше жылдан бері алғаш рет телеарна журналисі Мелисса Чаннің визасы мен журналистік өкілетін ұзартудан бас тартты. Ресми Пекин 2007 жылдан бері жұмыс істейтін Чанның орнына басқа тілші жіберуге де келісім бермей отыр.

"Әл-Жазира" телеарнасы Қытайдағы жұмысын жалғастыруға барынша тырысатынын мәлімдеді.

BBC телекомпаниясының Қытайдағы тілшісінің пікірінше, бұл қадам елде жұмыс істейтін шетел журналистерін үрейлендіру үшін жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG