Accessibility links

Қарағандыда жол апатынан 16 адам қаза тапты


Соқтығысып қалған көліктер. (Көрнекі сурет).

Соқтығысып қалған көліктер. (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысында сейсенбі күні түнде Алматы-Екатеринбург тас жолында КамАЗ жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысып, 16 адам қаза тапты деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Құрбан болғандардың барлығы - Қырғызстан азаматтары. Оның біреуі - микроавтобус жүргізушісі.

Жараланған КамАЗ жүргізушісі мен микроавтобустағы жолаушы ауруханаға жеткізілген.
XS
SM
MD
LG