Accessibility links

Бауыржан Халиолла өзіне шабуыл жасалғанын айтты


Бауыржан Халиолла, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Бауыржан Халиолла, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.


Оралдық айтыскер ақын Бауыржан Халиоллаға мамырдың 7-сінен 8-іне қараған түні үйінің алдында қарулы шабуыл жасалған. Өзінің айтуынша, белгісіз үш адам оны алдымен резина оқпен атқан, сосын екі рет пышақ сілтеген.

Бауыржан Халиолла ол оқиғадан кейін полицияға хабарламағанын, қазір үйінде емделіп жатқанын айтады.

- Кім екенін білемін. Бұған дейін бірнеше рет ескерту жасап, бір жігіттер аңдып жүретін. Қонаевқа байланысты айтыстағы сөзімнен кейін қысым күшейіп кетті, - деп жауап берді Бауыржан Халиолла.

Бауыржан Халиолла Алматы қаласында 2012 жылы 11-12 ақпанда "Қонаевтай ер қайда" деген атпен өткен айтыста Жаңаөзен оқиғасын айтқан.

XS
SM
MD
LG