Accessibility links

Ресейде жеңіс күніне арналған әскери парад өтті


Ресейдің жаңа сайланған президенті Владимир Путин Қызыл алаңдағы әскери парадта сөйлеп тұр. 9 мамыр. 2012 жыл.
Ресейдің жаңа сайланған президенті Владимир Путин Қызыл алаңдағы әскери парадта сөйлеп тұр. 9 мамыр. 2012 жыл.
Ресей мен бірқатар ТМД елдері екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 67 жыл толғанын тойлап жатыр.

Ресейде 9 мамыр күні Мәскеудің Қызыл алаңында әскери шеру өтті. Парадқа Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков пен генерал-полковник Валерий Герасимов жетекшілік етті.

Мерекелік шараға елдің жаңа сайланған президенті Владимир Путин мен премьер-министрі Дмитрий Медведев, мыңдаған соғыс ардагерлері қатысты.

Путин бұл жиында сөйлеген сөзінде "халықаралық талаптарды қатаң сақтау, мемлекеттің егемендігін сыйлау және әрбір тәуелсіз елдің таңдауы - мұндай соғыс трагедиясының қайталанбауына сөзсіз кепіл бола алатынын" айтты.
XS
SM
MD
LG