Accessibility links

Юлия Тимошенко ауруханаға жатқызылды


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың сот отырысына бара жатқан сәті. 5 тамыз. 2011 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың сот отырысына бара жатқан сәті. 5 тамыз. 2011 жыл.
Украинаның түрме өкілдері үшінші апта аштық жариялап жатқан, бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконы ауруханаға ауыстырғандарын хабарлады.

Ресми билік өкілдерінің хабарлауынша, Тимошенко сәрсенбі күні Харковь түрмесіне жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Тимошенконы ауруханаға апарғанда германиялық дәрігер Лутц Хармс бастаған медициналық топ бірге жүрген.

Қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 7 жылға сотталған бұрынғы үкімет басшысы Юлия Тимошенко сәуірдің 20-нан бері түрмеде аштық жариялап жатқан. Ол Украина түрмесі ұсынған жергілікті дәрігерлердің емінен бас тартып келген.

Еуропалық сегіз елдің жетекшісі Тимошенконың денсаулық жағдайына қатысты Ялта саммитіне келуден бас тартқан соң, кеше Украина билігі осы аптаға жоспарланған, Орталық және шығыс Еуропа елдері жетекшілерінің басқосуын кейінге қалдырды.
XS
SM
MD
LG