Accessibility links

Мәскеуде оппозиция жетекшілері қамалды


Полиция оппозицияны қолдап шыққан адамдарды қамап жатыр. Мәскеу, 8 мамыр. 2012 жыл.

Полиция оппозицияны қолдап шыққан адамдарды қамап жатыр. Мәскеу, 8 мамыр. 2012 жыл.

Мәскеу полициясы өткен түнде Путин билігіне қарсы наразылық шеруін өткізген ондаған адамды қамауға алды. Олардың ішінде Ресейдің «Левый фронт» оппозициялық қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов пен азаматтық белсенді Алексей Навальный бар.

Удальцов пен Навальный осымен бір күннің ішінде екі рет қамалып отыр. Екеуін бұған дейін Мәскеу орталығында бейбіт шеру өткізген шерушілерді таратқанда полиция ұстап, кейін босатқан.

Мәскеу полициясы наразылық шерулері басталған жексенбіден бері 750 адамды қамаған.

Ресейде жаңа сайланған президент Владимир Путиннің билікке келуіне қарсы азаматтар наразылық шараларын өткізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG